Интернетте азырақ алаңдаушылық пен күйзеліспен жұмыс істеңіз. Бізді сергек тыныс алғандай қабылдаңыз.
Жарнамаларды бұғаттаңыз және реттелетін баптаулар мен жүктеп алуға болатын көптеген кеңейтулердің көмегімен жекелігіңізді арттырыңыз.
Оқу режиміне өтіңіз, видеоларды бөлек терезеде шығарып көріңіз және тік беттер мен беттер топтарының көмегімен жұмысыңызды жүйелеңіз.
Қайталанатын беттерді жабыңыз, ашық беттерді іздеңіз және бекітіңіз — сіздегі шексіз дерлік ашық беттер үшін мүмкіндіктер де шексіз.
Жарнамалық бақылаушылар веб-беттердің жүктелуін баяулатады. Firefox браузерінде мұны түзету үшін баптауларды қазып отырудың қажеті жоқ, өйткені біз трекерлердің көбін автоматты түрде бұғаттаймыз.
Қорғаныс есебіңізді қараңызTomato Clock және Turn Off the Lights сияқты кеңейтулердің көмегімен назарыңызды бөліп алмай жұмыс істеңіз. Олар «Ұсынылған» мәртебесіне ие, бұл — жоғары деңгейдегі қауіпсіздік пен функционалдылық үшін біз беретін ең үздік баға (алтын жұлдыз) сияқты.
Firefox мобильді нұсқасын жүктеп алыңыз. Сонда сіз сенетін жекелік пен қауіпсіздік, сондай-ақ парольдер, беттер бен шолу тарихыңыз қайда барсаңыз да өзіңізбен бірге болады.
Сіздің жеке деректеріңіз сатылмайды. Трекерлер мен үшінші тарап кукилері үнсіз келісім бойынша бұғатталған, сондықтан сіз еш алаңсыз… интернетті шола аласыз.
Firefox деректеріңізді қалай қорғайтынын біліңізЗерттеу жүргізуге, онлайн сатып алу және басқа да әрекеттерге арналған мүмкіндіктерді кеңейтулер бөлімінен қарап көріңіз.
Тиісті қосымша теманың көмегімен интернет әлдеқайда жайлы орынға айнала алады.
Firefox браузерін 2004 жылы Mozilla компаниясы Internet Explorer сияқты браузерлерге қарағанда жылдамырақ, жеке әрі баптауға ыңғайлы балама ретінде жасап шығарды. Бүгінгі таңда біз әлі де коммерциялық емес ұйымбыз, әлі де ешбір миллиардерге тиесілі емеспіз және интернетті — әрі сіздің онда өткізетін уақытыңызды — жақсарту үшін жұмыс істеп келеміз.